weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда алаяқтыққа қатысты іс бойынша Оңтүстік Кореяның 14 азаматы ұсталды

Қазақстанда алаяқтық колл-орталықтарының қызметіне қатысты іс бойынша Оңтүстік Корея Республикасының 14 азаматы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда алаяқтыққа қатысты іс бойынша Оңтүстік Кореяның 14 азаматы ұсталды

«2026 жылғы 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады», делінген хабарламада. 

ҰҚК мәліметінше, Корея Республикасының құқық қорғау органдары ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы алаяқтық жасағаны бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. 

Оңтүстік Кореяда толассыз жауыннан 540 мүлікке залал келді

Ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайларында жүргізілген тінту барысында компьютерлік техника, ұялы телефондар және ноутбуктер тәркіленді. Арнайы қызметтің дерегіне сәйкес, бұл құрылғылар заңсыз әрекеттерде пайдаланылған. 

Оңтүстік Кореяда премьер-министр қызметіне әйел кандидат ұсынылды

ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар процессуалдық іс-шараларды жүргізу және кейіннен елден депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→