weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Болашақ ойындары – 2026»: Астанада алғаш рет дрон арқылы тапсырыс жеткізу қызметі іске қосылады

Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінде көрермендер тек спорттық бәсекелерді тамашалап қана қоймай, заманауи технологиялардың мүмкіндігін де өз көзімен көре алады. Турнир аясында Орталық Азияда алғаш рет дрон арқылы тапсырыс жеткізу жүйесі таныстырылады.

«Болашақ ойындары – 2026»: Астанада алғаш рет дрон арқылы тапсырыс жеткізу қызметі іске қосылады
Фото: ашық дереккөз

31 шілде мен 9 тамыз аралығында турнир өтетін негізгі нысандардың жанында арнайы M-Port ақылды постаматтары жұмыс істейді. Келушілер QR-код арқылы тапсырыс беріп, оны банк картасымен немесе Kaspi қосымшасы арқылы төлей алады. Осыдан кейін дрон тапсырысты ең жақын постаматқа сегіз минутқа жетер-жетпес уақытта жеткізеді.

Қонақтар ыстық және салқын сусындар, жеңіл тағамдар, мерч өнімдеріне тапсырыс беріп, сондай-ақ естелік сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Әрбір постаматтың жанында келушілерге көмектесетін еріктілер жұмыс істейді.

Жоба қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясының бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Ал жеткізу әлемдегі ұшқышсыз әуе логистикасы саласындағы жетекші компаниялардың бірі саналатын Keeta Drone технологияларының көмегімен іске асады.

Компания мәліметінше, Keeta Drone Қытайда, Гонконгта және Таяу Шығыс елдерінде коммерциялық дрон жеткізу қызметін табысты дамытып келеді. Бүгінде компания бір миллионнан астам тапсырысты әуе арқылы жеткізген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл пилоттық жоба келушілерге болашақ логистикасының қалай жұмыс істейтінін тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бастама Қазақстанда инновациялық технологияларды дамытуға және қалалық инфрақұрылымға жаңа шешімдерді енгізуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→