weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 16:48 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Лондонда қаза тапқан Сауд Арабиясы ханзадасының өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

Ұлыбританияда былтыр Лондондағы қонақүйден өлі күйінде табылған Сауд Арабиясы корольдік әулетінің мүшесі Абдулла бин Фахад бин Абдулла бин Абдулазиз бин Жалави Әл Саудтың қазасына қатысты тергеу қорытындысы жарияланды. Сараптама нәтижесі бойынша, 29 жастағы ханзада жүрегі тоқтап қайтыс болған, ал оған есірткі мен алкогольдің қосындысы себеп болған.

Лондонда қаза тапқан Сауд Арабиясы ханзадасының өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
Фото: ашық дереккөз

Британдық БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға өткен жылдың қараша айында Лондондағы Marriott Hotel Kensington қонақүйінде болған. Қонақүй қызметкерлері бөлмеден жауап болмаған соң ішке кіріп, ханзаданы жуынатын бөлменің еденінде ес-түссіз жатқан күйінде тапқан. Кейін оның қайтыс болғаны анықталған.

Тергеу барысында бөгде адамның қатысы немесе зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Бейнебақылау жазбаларына сәйкес, ханзада өлерінің алдында қонақүйден аз уақытқа шығып, кейін бөлмесіне жалғыз оралған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Абдулла бин Фахадтың жүрегі алкоголь мен бірнеше психобелсенді заттарды қатар қолданудың салдарынан тоқтаған. Оның ағзасынан алкогольдің жоғары мөлшерімен бірге GHB есірткісі, каннабис және мазасыздыққа қарсы дәрілік препараттардың іздері анықталған.

Істі қараған коронер бұл оқиғаны жазатайым жағдай салдарынан болған өлім ретінде бағалап, өзіне қол жұмсау немесе қасақана әрекет белгілері жоқ деген қорытындыға келген.

Тергеу материалдарына сәйкес, ханзада қайтыс болардан шамамен үш ай бұрын Лондондағы тәуелділікті емдеуге маманданған клиникалардың бірінде алкоголь мен есірткіге тәуелділікке байланысты оңалту курсынан өткен. Дәрігерлер оны ем аяқталған кезде өзіне қол жұмсау қаупі жоқ деп бағалаған.

Абдулла бин Фахад бин Абдулла бин Абдулазиз бин Жалави Әл Сауд Сауд Арабиясының қазіргі королі Салман бин Әбдулазиз Әл Саудтың туысы болған. Оның қайтыс болғанын былтыр Сауд Арабиясының Корольдік соты ресми түрде растаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→