Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 шілде, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Сұмдық! Сауд Арабиясында адамдар мінген аттракцион құлады

Сауд Арабиясының Таиф қаласындағы Green Mountain ойын-сауық саябағында шоу кезінде «360 градус» аттракционы құлап түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сұмдық! Сауд Арабиясында адамдар мінген аттракцион құлады

Куәгерлердің айтуынша, конструкцияның орталық тірегі шыдас бермей сынып кеткен, нәтижесінде карусель адамдармен бірге жерге құлаған. Келушілердің бірін соққы бірнеше метрге ұшырған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 23 адам жарақат алған. Олардың басым бөлігінің жарақаттары орташа ауырлықта, үшеуінің жағдайы өте ауыр.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату