Lada.kz мәліметінше, автокөлік иелерінен автогаз құю станцияларындағы көп сағаттық кезектерге қатысты ондаған шағым түскен.
Жанармай бекетін іздеуге бірнеше сағат кетеді
«Газ әлі де тапшы. Қала ішінде де, сыртында да үлкен кезектер бар. Отын бар кейбір автогаз құю станцияларында кезек күтуге бірнеше сағат кетеді. Көптеген бекеттер жабық, ал кезек жоқ жерлерде газ тек талон арқылы беріледі. Бүгін өзім екі сағат кезекте тұрдым», – дейді Ақтау тұрғыны.
Көлік жүргізушілерінің айтуынша, газ құюға болатын бекетті іздеудің өзі бірнеше сағатқа созылады.