weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылордада Бердібек Сапарбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Қызылордада «Достық үйінде» көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қызылордада Бердібек Сапарбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Сапарбаев тұлғасы» атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын.
Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды.
Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.


Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.

Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.
 
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→