ХЕҰ мәліметінше, жыл сайын 12 маусымда Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні атап өтіледі.
Аталған күн 2002 жылы балаларды қанау мәселесіне қоғам назарын аудару және мемлекеттердің, бизнестің әрі азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру мақсатында бекітілген.
Бұл күн әлем бойынша миллиондаған баланың білім алу, ойнау және қауіпсіз ортада өсу мүмкіндігінен айырылып отырғанын еске салады. Балалар еңбегі әсіресе ауыл шаруашылығында, тау-кен өндірісінде және бейресми секторда кең таралған. Мұндай салаларда кәмелетке толмағандар түрлі қауіп-қатерге жиі ұшырайды.