weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 00:15 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ауғанстан қаласында хиджаб киген әйелдерге қарсы рейд жүргізілді

Ауғанстанның Герат қаласында «Талибан» қозғалысының өкілдері (бірқатар елдерде террористік ұйым деп танылған) міндетті киім үлгісін бұзды деп есептелген ондаған әйелді ұстады. Бұл туралы Afghanistan International телеарнасы мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ауғанстан қаласында хиджаб киген әйелдерге қарсы рейд жүргізілді

Арнайы операция Лилами ауданында басталып, кейін қаланың басқа бөліктеріне де тараған. Тек бір ауданның өзінде 20-дан астам әйел ұсталған.

Ауғанстанның Ізгілікті насихаттау және жамандықтан тыю министрлігінің қызметкерлері қолдарына таяқ ұстап, Альмас-Шарк базары мен Қаср ауданында рейд жүргізген.

Куәгерлердің айтуынша, кейбір әйелдер тексеру мен ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, айқайлаған. Лилами ауданындағы дүкен иелерінің бірі рейдтен кейін көшелерде әйелдердің мүлде көрінбей қалғанын айтқан.

«Талибтер кейбір әйелдерді ұстап әкетті, ал басқалары айқайлап қашып құтылуға тырысты», – деді ол.

Сатушының сөзінше, ұсталған әйелдердің көбі хиджаб киіп, денесін толық жауып жүрген.

Бұл операция министрліктің қоғамдық орындарда бет-жүзін ашып жүруге немесе макияж қолдануға тыйым салынғаны туралы ескертуінен кейін жүргізілген. Ведомство талаптарды бұзған әйелдерді қамауға алып, түрмеге жабуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Герат билігі паранджа кимеген әйелдерге мемлекеттік қызметтерді пайдалануға шектеу қойған. Ал жергілікті әйелдердің көпшілігі дәстүрлі паранджаның орнына ұзын жамылғылар мен ирандық немесе араб үлгісіндегі хиджабтарды киюді жөн көреді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→