weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік азаматпен шаңырақ көтерді

Қазақстанның атом өнеркәсібін басқарған белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева отбасын құрды. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, жас жұбайларға қатысты пікірлердің көбеюіне себеп болды.

Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік азаматпен шаңырақ көтерді
Фото: ашық дереккөз

Белгілі болғандай, Алтынайдың таңдауы шетелдік азаматқа түскен. Неке қию рәсімі Ұлыбританияда өткен. Жас келіншек әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі маңызды кезеңмен бөлісіп, қуанышты жаңалығын оқырмандарына жеткізді.

Алтынай Жәкішева сән индустриясында танылған модель ретінде белгілі. Ол бұған дейін халықаралық жобаларға қатысып, шетелде де кәсіби мансабын дамытып келеді.

Әлеуметтік желілерде жас жұбайлардың фотосуреттері тарағаннан кейін қазақстандықтар түрлі пікір білдірді. Бірі жас отбасыға ақ жол тілесе, енді бірі қазақстандық қыздардың шетел азаматтарына тұрмысқа шығуы туралы өз көзқарастарын ортаға салды.

Қалай болғанда да, көпшілік жас жұбайларға бақыт пен береке тілеп, жаңа өмірлеріне сәттілік тілеуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→