weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 19:12 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Колумбия көш бастады: әлемнің ең сұлу әйелдері тұратын елдер рейтингі

2026 жылы әлемдегі ең сұлу әйелдер тұратын елдердің рейтингі жарияланды. Тізім World Population Review сайтында жарияланған,— деп хабарлайды newsroom.kz

Колумбия көш бастады: әлемнің ең сұлу әйелдері тұратын елдер рейтингі

Рейтинг авторларының айтуынша, сұлулық – субъективті ұғым және әрбір әйел өзінше әдемі. Сондықтан қай елдің әйелдері ең сұлу екенін нақты анықтайтын бірыңғай немесе деректерге негізделген көрсеткіш жоқ.

«Сол себепті көптеген дереккөздер халық арасында жүргізілген сауалнамаларға немесе сұлулық индустриясына қатысты статистикаға сүйенеді. Мысалы, елдердің косметикаға жұмсайтын шығындары мен пластикалық операциялардың жиілігі ескеріледі», – делінген рейтингке берілген түсіндірмеде.

Тізім 2025 жылғы әртүрлі деректер негізінде жасалған. Оған сарапшылардың пікірлері, халық арасында жүргізілген сауалнамалар және халықаралық сұлулық байқауларындағы жетістіктер енгізілген.

Рейтингте бірінші орынды Колумбия иеленді. Ал алғашқы бестікке Польша, Грекия, Ресей және Чехия кірді.

Тізімнің соңғы орындарында Венесуэла, Албания және Испания тұрғындары орналасқан.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→