Рейтингке жалпы құны рекордтық 87 миллиард долларға жеткен 30 команда енді. Бір клубтың орташа құны 2,9 миллиард долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға өскен (2025 жылы – 2,4 млрд доллар).
Әлемдегі ең қымбат 10 футбол клубының қатарына мыналар кірді:
• «Барселона» (Испания) – 7,5 млрд доллар;
• «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 7,2 млрд доллар;
• «Ливерпуль» (Англия) – 6,2 млрд доллар;
• «Пари Сен-Жермен» (Франция) – 5,8 млрд доллар;
• «Бавария» (Германия) – 5,7 млрд доллар;
• «Манчестер Сити» (Англия) – 5,5 млрд доллар;
• «Арсенал» (Англия) – 5,4 млрд доллар;
• «Челси» (Англия) – 4,2 млрд доллар;
• «Тоттенхэм» (Англия) – 3 млрд доллар.
Рейтингте клубтар саны бойынша Англия Премьер-лигасы көш бастады – 11 клуб. Одан кейін АҚШ пен Канаданың Жоғарғы футбол лигасы (MLS) – 7 клуб және Италияның А сериясы (Serie A) – 4 клубпен орналасқан.
Аяқталған маусымда «Реал» соңғы бес жылда алғаш рет бірде-бір трофей жеңіп ала алмады. Испания чемпионатында мадридтік клуб «Барселонадан» 8 ұпай қалып, екінші орын алды. Ел кубогының 1/16 финалында команда екінші дивизион өкілі «Альбасетеге» жол берді. Сондай-ақ мадридтіктер Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмай, «Бавариядан» жеңіліс тапты.