weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 17:11 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қырғызстанда мерез дертіне шалдыққандар көбейді

2026 жылдың сәуір айында Қырғызстанда инфекциялық және паразиттік аурулардың 30 мың жағдайы тіркелді. Бұл туралы 24.kg мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қырғызстанда мерез дертіне шалдыққандар көбейді

Мәліметке сәйкес, ауру құрылымында жедел респираторлық вирустық инфекциялар басым болған — 74,6 пайыз. Жедел ішек инфекцияларының үлесі 7,2 пайызды, энтеробиоз — 4 пайызды, ал аскаридоз — 2,6 пайызды құрады.

Биылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, халықтың әр 100 мың тұрғынына шаққанда мерезбен сырқаттану көрсеткіші 49,8 пайызға артқан. Сонымен қатар ботулизм 25 пайызға, жедел ішек инфекциялары 18,2 пайызға көбейген.

Айта кетелік, осы кезеңде вирусты гепатитпен сырқаттану 71,3 пайызға, АИТВ-инфекциясы 14,3 пайызға және туберкулез 11,7 пайызға төмендегені атап өтілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→