"Біздің паламентте ресми құттықтауларға, іс шараларға барған кезде алып баратын осындай папка бар. Әйелім Лаура өзіне де осындай нәрсе жасауымды сұрады. Өздеріңіз білесіздер, биыл шілдеде парламент тарайды. Жарайды, қолымда тұрған нәрсе ғой бұл деп, бес мың теңгесін төлеп, тілегімді арнайын дедім", деген депутат әйеліне ақжарма тілегін жаудырып, ҚР Парламенті адресатының атынан құттықтады.
Әлеуметтік желіде депутаттың бұл әрекеті қызу талқыланып жатыр.