Алаяқтар түрлі концерттер мен іс-шараларға билет алып беруді «кепілдікпен» ұсынып, адамдарды алдайды. Олар билеттерді қымбат бағаға сатады немесе мүлде жалған билеттер ұсынуы мүмкін.
Көп жағдайда азаматтар ақша аударғанымен, билеттерді ала алмай қалады. Ішкі істер министрлігі тек ресми және сенімді платформалар арқылы сатып алуға кеңес береді.
Сондай-ақ бейтаныс адамдарға ақша аудармау және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді ұсыныстарға сенбеу қажет, деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.