«АҚШ пен Израильдің Кередждегі B1 көпіріне жасаған қатыгез шабуылы салдарынан сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты. Олардың қатарында табиғат күнін (Ирандағы Жаңа жыл мерекесінің 13-ші, соңғы күні – ред.) атап өтіп жүрген, сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар да бар. Тағы 95 адам түрлі жарақат алды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін АҚШ пен Израиль B1 көпіріне соққы жасаған болатын. Бұл жоба Тегеран мен Кередж қалаларын байланыстырып, Таяу Шығыстағы ең ірі көпірге айналуы тиіс еді. Алғашқы мәліметтер бойынша, шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған еді.