Іс-шараға кімдер қатысты?
Студенттер, оқытушылар және Әзербайжан, Мысыр Араб Республикасы, Қазақстан, ҚХР, Индонезия елдерінің шетелдік дипломатиялық корпусының өкілдері, БАҚ және т.б. қатысты.
Қазақстандық дипломаттар София университеті студенттерінің қолдауымен Қазақстанның білім беру әлеуетін таныстырып, ұлттық киімдер көрмесін ұйымдастырды, сондай-ақ әдеби мұраны және өзге де жәдігерлерді ұсынды.
Аталған шаралар болгар жастарының арасында, ең алдымен, Қазақстанның білім беру және туристік тартымдылығы тұрғысынан үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен бірге мәдени-гуманитарлық саладағы қолданыстағы байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

Айта кетелік, Болгарияда 77 қазақстандық студент білім алуда. Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең беделді оқу орындарының бірі саналатын «Әулие Климент Охридски» София университетінде Әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру және мәдени орталығы мен Қазақ тілі, тарихы мен мәдениетін оқыту орталығы жұмыс істейді.