weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 19:13 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иранда медицина қызметкерлері қаза тапты: 28 ақпаннан бері 21 адам көз жұмған

Ирандағы денсаулық сақтау нысандарына жасалған шабуылдар салдарынан 21 медицина қызметкері қаза тапқан. Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Али Бахрейни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директорының атына жолдаған хатында мәлімдеді. Оның мәлімдемесін SNN агенттігі жариялады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Иранда медицина қызметкерлері қаза тапты: 28 ақпаннан бері 21 адам көз жұмған

Оның айтуынша, соққылардың нәтижесінде жеті аурухана істен шыққан және тағы 49 медициналық мекеме зақымданған. Сонымен қатар шамамен 81 мың бейбіт тұрғынның тұрғын үйі қираған.

Бахрейни сондай-ақ Тегерандағы бейбіт мақсаттағы ядролық нысандар мен мұнай қоймаларына жасалған соққыларға байланысты қауіп бар екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай шабуылдар қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына ұзақ мерзімді салдар әкелуі мүмкін. Елші мұндай әрекеттерді «халықаралық және гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылуы» деп атады.

24 наурызда Fars агенттігі АҚШ пен Израиль Ирандағы екі газ нысаны мен құбырға соққы жасағанын хабарлады. Бұл соққы АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы беру туралы бұрын айтқан қоқан-лоққысынан бас тартқаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалған.

Иранның жедел жәрдем қызметінің басшысы Джафар Миадфардың айтуынша, америкалық-израильдік соққылардың салдарынан 208 бала қаза тапқан. Оның ішінде 168 бала 28 ақпанда Минаб қаласындағы мектепке жасалған соққының құрбаны болған.

Миадфардың мәліметінше, қаза тапқан балалардың 13-і бес жасқа толмаған. Ал ең кішкентай құрбан небәрі үш күндік сәби болған.

 

 

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→