19 наурыздағы мәлімет бойынша, қаза тапқандардың ішінде 1 394 адам — бейбіт тұрғындар (оның кемінде 210-ы балалар), ал 1 153 адам — әскери қызметкерлер. Сонымен қатар, бейбіт тұрғындар мен әскерилер арасында нақты жіктелмеген құрбандар саны 639 адамға жеткен.
19 наурызда The Wall Street Journal басылымы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мен Израиль армиясының деректеріне сүйене отырып, Вашингтон мен Иерусалим әскери операция басталғалы бері Иран аумағына 16 мыңнан астам соққы жасағанын хабарлады.
Басылым мәліметінше, америкалық күштер кемінде 7 800 нысанаға соққы беріп, Иранның 120-дан астам кемесін зақымдаған немесе жойған. Ал Израиль шамамен 8 500 соққы жасаған. Сонымен қатар Израиль әскері Ливанда шамамен 2 000 нысананы атқылаған.