weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мемлекеттік қызметте жаңа ереже: әлеуметтік қолдау қайта қаралуда

Жаңартылған заң жобасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту және ұстап қалу үшін бірқатар нормалар қарастырылған,– деп хабарлайды newsroom.kz

Мемлекеттік қызметте жаңа ереже: әлеуметтік қолдау қайта қаралуда

Атап айтқанда, жалақыны кемінде үш жылда бір рет индекстеу тетігі енгізіледі, үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндері үшін өтемақы төлеу көзделеді. Қызмет өтілі 25 жылдан асқан және мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар қызметшілер зейнетке шыққанда төрт лауазымдық жалақы мөлшерінде біржолғы сыйақы беріледі.

Бір елді мекеннен екіншісіне ауысқанда немесе мемлекеттік орган көшірілген жағдайда қызметшілерге көтерме жәрдемақы және мүлкін тасымалдауға өтемақы төленеді. Балалары балабақшаға кезексіз қабылданады. Сонымен қатар, жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі қарастырылады.

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→