Шешім Иран Конституциясына сәйкес Жоғарғы көшбасшыны сайлау өкілеттігі берілген, 88 жоғары дәрежелі шиит дінбасыларынан тұратын Сарапшылар кеңесінің отырысында қабылданды.
Моджтаба Хаменеи – орта деңгейдегі дін қызметкері. Ирандық бірқатар дереккөздердің мәліметінше, ол елдегі ықпалды құрылымдардың бірі – Ислам революциясы сақшылары корпусымен (КСИР) тығыз байланыста. Соңғы жылдары билік элитасының бір бөлігі оны әкесінің ең ықтимал мұрагерлерінің бірі ретінде қарастырып келген.
Бұған дейін Иранның Жоғарғы көшбасшысы болған Али Хаменеи 28 ақпанда Тегеран қаласына жасалған соққылар салдарынан қаза тапқан еді.