weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Камераға түсіп қалды: Рыбакина фотосессияда ер адамның әрекетін тоқтатты

Елена Рыбакина турнирдегі жеңістен кейінгі фотосессия кезінде күтпеген жағдайға тап болды.

Камераға түсіп қалды: Рыбакина фотосессияда ер адамның әрекетін тоқтатты

Елена Рыбакина аралас жұптар арасындағы Eisenhower Cup турнирінде америкалық теннисші Тейлор Фритцпен бірге чемпион атанды. Олар финалда Аманда Анисимова мен Лернер Тьен жұбын жеңді.

Алайда көрермен назарын ойын емес, турнирден кейінгі фотосессия кезіндегі бір сәт аударды. Ресми суретке түсіп жатқанда шара ұйымдастырушыларының бірі — Дэвид Ренкер — теннисшінің белінен ұстамақ болған.

Сол сәтте Рыбакина оның қолын жай ғана алып тастап, арақашықтық сақтады. Ер адам бір қадам кейін шегінген.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тез тарады. Көптеген қолданушылар спортшыны қолдап, оның жеке шекарасын анық көрсеткенін жазды. Ал ұйымдастырушының әрекеті желіде орынсыз қылық ретінде сынға алынды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→