weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иранда қыздар мектебіне жасалған соққы: қаза тапқандар саны 171-ге жетті

Минaб қаласындағы бастауыш мектепке жасалған әуе соққысынан көз жұмғандардың саны күрт өсті. Иран тарапы бұл шабуылды халықаралық құқықты өрескел бұзу деп атады.

Иранда қыздар мектебіне жасалған соққы: қаза тапқандар саны 171-ге жетті
Фото: ISNA

Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейед Аббас Аракчидің мәлімдеуінше, АҚШ пен Израильдің соққысынан Минaб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепте 171 оқушы қаза тапқан.

«Балалар мен ауруханаларға жасалған бұл шабуыл – халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу. Әлемдік қауымдастық бейбіт тұрғындарды жаппай қырып-жоюды қатаң айыптауы тиіс», – деді ол.

Бұған дейін 40 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Алайда ғимарат опырылғаннан кейін үйінді астында қалған балалардың табылуына байланысты қайғылы статистика күрт артқан.

Айта кетейік, 2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция басталғанын жариялаған болатын. Оған жауап ретінде Иран Парсы шығанағындағы бірқатар елдерге соққы жасаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→