Каспий құбыр консорциумы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы Теңіз – Новороссийск магистралі арқылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданған.
Атап айтқанда:
– Теңіз кен орны – 36,6 млн тонна;
– Қарашығанақ кен орны – 9,2 млн тонна;
– Қашаған кен орны – 17 млн тонна мұнай жеткізілген.
Сондай-ақ 2025 жылы компания мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері 14,2 млн адам-сағатты жазатайым оқиғасыз атқарған. Компания автокөліктері 33 млн шақырымнан астам жолды жол-көлік оқиғасынсыз еңсерген.