Мәліметке сәйкес, ВПУ КТК-3 сыртқы айлақ құрылғысында жоспарлы-алдын алу жөндеуі жүргізіліп, су астындағы шлангтар мен рукавтардың бір бөлігі ауыстырылған. 21 қаңтарда жүк жүйесіне гидросынақ жасалып, суасты мұнай құбырындағы соңғы манифольд ашылған. Сондай-ақ мұнай ауыстырып тиеу үшін танкер қабылданған.
Компания жөндеу жұмыстарының мерзімі мен көлемі ВПУ КТК-2 құрылғысына экипажсыз катер арқылы жасалған террорлық шабуылдан кейін оңтайландырылғанын нақтылады. Аталған шабуыл бір айлақ құрылғысының зақымданып, жұмысын тоқтатуына себеп болған. Осыған байланысты КҚК жүк жөнелтушілердің өтінімдерін жылдық жоспарға сай орындау кемінде екі ВПУ қатар жұмыс істеген жағдайда қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Жөндеу жұмыстары күрделі гидрометеорологиялық жағдайда жүргізілген. Су астындағы ағыстардың жылдамдығы өзгеруіне байланысты сүңгуірлердің түсуі бірнеше рет тоқтатылған.
Консорциум өкілдері шлангтарды ауыстыру теңіз терминалындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыс екенін және мұндай шаралар әр құрылғыда жылына кемінде бір рет жүргізілетінін еске салды.
Қазіргі уақытта КҚК теңіз терминалында мұнай тиеу ВПУ КТК-1 және ВПУ КТК-3 құрылғылары арқылы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Бұған дейін Украинаның шабуылы КҚК-ға 14 млрд теңгеге жуық шығын әкелуі мүмкін екендігі туралы жазғанбыз.