weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ким Чен Ын жасөспірім қызын зымыран басқару құрылымына тартты

Оңтүстіккореялық БАҚ Солтүстік Корея басшысының қызына жауапты лауазым берілгенін жазды.

Ким Чен Ын жасөспірім қызын зымыран басқару құрылымына тартты
Фото: Yonhap News.

Ким Чен Ын кәмелетке толмаған қызы Ким Чжу Э-ге елдің зымыран бағдарламасына қатысты құрылымда басшылық рөл сеніп тапсырған болуы мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Корея басылымдары үкімет пен барлау көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Ким Чжу Э шамамен 13 жаста. Соңғы уақытта ол әкесімен бірге зымыран сынақ алаңдарына жиі шығып жүр. Сеулдегі сарапшылар мұны әскери басқару жүйесімен таныстырудың белгісі деп санайды.

The Chosun Daily басылымының мәліметінше, жасөспірім зымыран басқару құрылымында директор деңгейіндегі рөлге ие болуы ықтимал. Дегенмен ресми түрде бұл ведомствоны 2023 жылдың соңынан бері генерал Чан Чан Ха басқарады. Дереккөздер қыздың генералдармен брифингтерге қатысып, кей жағдайда тапсырма беруі мүмкін екенін айтады.

Оңтүстік Корея барлауы Ким Чжу Э-ні биліктің ықтимал мұрагері ретінде жиі атай бастады. Егер бұл расталса, Солтүстік Кореядағы билікті ерлер желісімен беру дәстүрінен айтарлықтай ауытқу болмақ.

22 ақпан 2026 жылы Ким Чен Ын билеуші Корея Еңбек партиясының бас хатшысы қызметіне қайта сайланған. Бұл лауазымды ол шамамен 15 жылдан бері атқарып келеді.

Талқылаулар Сеул мен Пхеньян арасындағы қатынастың ушығуы және КХДР-дың ядролық әрі зымыран бағдарламасының дамуы аясында жүріп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→