Сарапшылардың мәліметінше, «президент» атағын қайтару мәселесі ақпанда өтетін партия съезінде қаралуы мүмкін. Кейін бұл бастама парламентке ұсынылады. Қазір Ким Чен Ын ресми түрде КХДР басшысы, Мемлекеттік кеңес төрағасы, Корея Еңбек партиясының бас хатшысы және қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы қызметтерін қатар атқарады.
Солтүстік Кореяда президенттік институт 1972 жылы енгізіліп, бұл қызметті республика негізін қалаушы Ким Ир Сен атқарған. Ол 1994 жылы қайтыс болғаннан кейін, бірнеше жыл өткен соң президенттік лауазым жойылған.
Сарапшылардың айтуынша, президенттік қызметтің қайта енгізілуі қорғаныс саясатына, сыртқы қатынастарға және билік сабақтастығына қатысты жаңа шешімдерге жол ашуы мүмкін.