weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда өткен жекпе-жекте 18 жастағы спортшы комаға түсті

Қарағандыда өткен турнир кезінде 18 жастағы Арслан ауыр бас жарақатын алып, комаға түсті.

Қарағандыда өткен жекпе-жекте 18 жастағы спортшы комаға түсті

14–15 ақпан күндері өткен жарыста қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданғаны айтылып отыр. Туыстарының сөзінше, соққыдан кейін спортшы басымен құлап, бағдарын жоғалтқан. Бейнежазбада оның орнынан тұра алмай, басын ұстап, абдырап тұрғаны көрінеді.

Соған қарамастан жекпе-жек тоқтатылмаған. Екінші раундтан кейін жас спортшы ринг үстінде есінен танып қалған.

Дәрігерлер оған миға қан құйылу, ауыр ми соққысы, ми ісінуі және II–III дәрежелі кома диагнозын қойған. Спортшыға шұғыл ота жасалды, жағдайы аса ауыр күйде қалып отыр.

Оқиға бойынша полиция «Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→