Женалы Орозбаев Қырғызстан Экономика және коммерция министрлігіне қарасты монополияға қарсы реттеу қызметінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Kaktus.Media хабарлады.
Оның орнына аталған қызметке Айбек Мамыралиев тағайындалды. Басылым мәліметінше, Орозбаев — бұрын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетін басқарған Камчыбек Ташиевтің сыныптасы. Ташиев қызметінен босатылғаннан кейін елден кеткені айтылды.