Қауіпсіздік құрылымдарындағы дереккөздердің мәліметінше, Нургазы Анаркулов 17 ақпанда Қазақстаннан Қырғызстанға кірмек болған кезде шекарада ұсталған.
Алдын ала, ресми түрде расталмаған ақпарат бойынша, ол кейбір тұлғаларды Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын қолдауға шақырған. Бұған дейін Жогорку Кенештің бұрынғы депутаттарына хабарласқаны айтылып отыр.
Еске салайық, 2021 жылдың қаңтарында Анаркулов Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімін басқарған кезінде аса ірі көлемде пара бопсалады деген күдікпен Қырғызстан ҰҚК тарапынан ұсталған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол жоғары мемлекеттік қызметке тағайындауға ықпал ету үшін ақша талап еткен. Кейін қызметінен босатылып, белгілі бір уақыт үйқамақта болған.