weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қырғызстан ҰҚК-нің жаңа басшысы тағайындалды

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жаңа төраға бекітілді. Парламент кандидатураны талқылаусыз мақұлдады.

Қырғызстан ҰҚК-нің жаңа басшысы тағайындалды

Жогорку Кенеш депутаттары генерал-майор Жумгалбек Шабданбековті Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы қызметіне бекітті. Кандидатураны президенттің өкілетті өкілі таныстырған. Бұған дейін Шабданбеков бір аптаға жуық уақыт комитет төрағасының міндетін уақытша атқарған.

Жумгалбек Шабданбеков 1970 жылы Нарын облысы Чаек ауылында туған. 1991 жылы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің экономика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Талас облысындағы салық қызметінде бастап, кейін ұлттық қауіпсіздік органдарына ауысқан.

1994 жылдан бері қауіпсіздік құрылымдарында қызмет етіп, Антитеррорлық орталықта, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және Мемлекеттік күзет қызметінде жауапты лауазымдар атқарған. 2020 жылдың қазанында ҰҚК-нің 9-қызметінің басшысы болып тағайындалып, кейін ведомство төрағасының орынбасары болған.

Сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары қызметіне Акылбек Намазов тағайындалды. Бұл қызметтен Тимур Шабданбеков босатылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→