weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада лифтідегі оғаш әрекеті үшін ер адам 15 тәулікке қамалды

Елордада кәмелетке толмаған қызбен лифтіде болған күмәнді жағдай сотқа жетіп, ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

Астанада лифтідегі оғаш әрекеті үшін ер адам 15 тәулікке қамалды
Фото: stock.adobe.com

Астана қаласында ер адам лифтіде мектеп оқушысының дәл артына тым жақын тұрған. Соның салдарынан қыздың иығынан мектеп сөмкесі түсіп кеткен. Қыз қарсылық білдірген сәтте ер адам лифтіден шығып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Оқиға туралы қыздың жақындары біліп, бірден полицияға жүгінген. Іс сотқа жолданды.

Сот материалдарын зерттей келе, ер адамның әдейі осылай тұрғаны анықталған. Сот өкілдерінің мәліметінше, ол кәмелетке толмаған қыздың жеке кеңістігін бұзып, тыныштығын бұзған.

Айыпталушы өз әрекетін түсіндіре алмаған әрі кінәсін мойындаудан бас тартқан. Соған қарамастан, сот оны ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Істе ауырлататын жағдай ретінде жәбірленушінің кәмелетке толмағаны ескерілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→