Жаңа қызметті Азаматтарға арналған үкімет іске қосты. Постамат — дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетіңізше алуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Қызмет дайын болған соң азаматқа жеке код көрсетілген SMS келеді. Сол код арқылы ұяшық ашылады, қосымша биометриялық сәйкестендіру қажет.
Қазір постаматтар Қазақстанның 10 өңірінде жұмыс істеп тұр, барлығы 14 құрылғы орнатылған. Олар арқылы 19 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша құжат беріледі. Атап айтқанда, қайта берілетін куәліктер, архив анықтамалары, аттестат пен дипломның дубликаттары.
2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл қызметті ең көп пайдаланғандар — Семей, Тараз және Түркістан тұрғындары.
Қызметті пайдалану үшін құжат рәсімдеу кезінде постамат арқылы алу тәсілін таңдау керек. Хабарлама келгеннен кейін құжатты үш күн ішінде алу қажет, әйтпесе ол қайтадан стандартты тәртіппен беріледі. 2026 жылы қызмет құны — 518 теңге.
Постаматтар Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және басқа қалаларда орнатылған.