weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

УЕФА-ның 51-ші Конгресі 2027 жылы Астанада өтеді

2027 жылы УЕФА-ның сайлау өтетін 51-ші Конгресін Астана қаласы қабылдайды. Бұл шешім Брюссельде өткен мерейтойлық жиында жарияланды.

УЕФА-ның 51-ші Конгресі 2027 жылы Астанада өтеді

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 51-ші Конгрестің 2027 жылғы 4 наурызда Астанада өтетінін ресми түрде хабарлады. Шешім Бельгия астанасы Брюссельде өткен 50-ші мерейтойлық Конгресте жария етілді. Жиынға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория да қатысты.

УЕФА Конгресі — еуропалық футболды басқарудағы ең жоғарғы орган. Оған жыл сайын 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері қатысады.

Астанада өтетін 51-ші Конгресс сайлау форматында ұйымдастырылады. Делегаттар УЕФА президентін және Атқару комитетінің мүшелерін сайлайды. Осылайша, еуропалық футболдың алдағы жылдардағы даму бағыты Қазақстанда айқындалмақ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→