weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру үшін арнайы штаб құрылуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция жобасы дайын екенін және жалпыхалықтық референдумға шығарылуы ықтимал екенін мәлімдеді.

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру үшін арнайы штаб құрылуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы әзірленіп, жұмыс соңғы кезеңге аяқ басты.

«Бүгін біз ортақ еңбегімізді қорытындылау кезеңіне өттік. Мыңдаған отандастарымыздың қатысуымен тарихи маңызы зор бірегей құжат — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы дайындалды», — деді депутат.

Оның сөзінше, құжат қабылданғаннан кейін оның негізгі ережелері конституциялық заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер арқылы жүзеге асып, елдің жаңартылған құқықтық негізін қалыптастырады. Сондай-ақ жоба тарихи сабақтастықты ескере отырып әзірленгені атап өтілді — жаңартылған преамбуладан бастап нақты баптарға дейін қамтылған.

Жобаны қоғамға кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы штаб құру мәселесі де қарастырылып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→