Ақтөбе – Орск тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Opel маркалы жеңіл көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.