Сонымен қатар туберкулездің таралу жиілігі 12,8%-ға азайып, одан болатын өлім-жітім 10%-ға қысқарған.
Мамандар мұндай нәтижені салада қабылданған тиімді шешімдермен және емдеу шараларының уақтылы жүргізілуімен байланыстырады. Қазіргі таңда дәріге сезімтал туберкулезден жазылу көрсеткіші 90,5%-ды, ал дәріге төзімді түрінен айығу деңгейі 85,3%-ды құрап отыр. Бұл көрсеткіштер ДДҰ стандарттарынан жоғары.
Елімізде туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді. Алғашқы медициналық көмек ұйымдарында ауруды ерте анықтаудың заманауи әдістері қолданылады.
Соның бірі GeneXpert аппараты арқылы жүргізілетін ПТР-зерттеу. Бұл тексерудің нәтижесі 2 сағат ішінде дайын болады. Соның арқасында науқастар дер кезінде ем алып, асқынудың алдын алуға мүмкіндік бар.