weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Еш ақтау жоқ»: Саденов Шымкент полициясын қатаң сынға алды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкентке барып, қала полициясындағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ол тәртіптің әлсіреуін, қылмысты жасыру деректерін және жемқорлықты ашық сынап, жеке жауапкершілік болатынын ескертті.

«Еш ақтау жоқ»: Саденов Шымкент полициясын қатаң сынға алды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барып, полиция департаментінің жаңа бастығын — генерал-майор Мұхтар Қожаевты таныстырды.

Министр қаладағы криминогендік ахуалға қатысты алаңдаушылығын білдіріп, жаңа басшылыққа нақты міндеттер жүктеді. Оның айтуынша, полициядағы қатаң тәртіп — нәтиже мен қоғам сенімінің негізгі шарты.

Саденов қылмыстарды жасыру, істі созбалаңға салу және жемқорлық фактілерін қатаң сынға алды.

«Тәртіп жоқ жерде нәтиже жоқ, сенім жоқ, бедел құлайды. Әрбір заңбұзушылық үшін жеке, аты-жөнімен жауапкершілік болады», — деді министр.

Министр резонансты істердің тергелуіне, соның ішінде Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы бөлімшелер жұмысына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ сталкингке қарсы күрес, ұйымдасқан қылмыстың жолын кесу және құқықбұзушылықтың алдын алу бағыттары күшейтілетіні айтылды. Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты ҰҚҚҚ (ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарма) басшысы мен оның бөлім жетекшілерінің бірі қызметінен босатылды.

Министр тапсырмасымен қала полициясының барлық бөлімшелеріне кешенді тексеріс басталды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→