weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Енді Қазақстанда сотталғандар дрон құрастырады

Қазақстанның түзеу мекемелерінде дрон шығаратын арнайы цехтар ашылды. Бұл туралы РМК «Еңбек» директоры Ермек Шурманов мәлімдеді.

Енді Қазақстанда сотталғандар дрон құрастырады
Фото: rg.ru

Жоба толық өндірістік циклді қамтиды: дронның корпусы, электронды бөлшектері мен бағдарламалық қамтамасыз етуі тікелей Аршалы кентіндегі мекемеде жасалады.

Қазір ел бойынша 78 қылмыстық-атқару мекемесінде өндірістік әрі білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. Онда сотталғандар тігін цехтарында, жиһаз фабрикаларында, агрокешендерде және құрылыс материалдарын өндіру саласында еңбек етеді.

Сотталғандар жалақы алады. Оның бір бөлігі сот шешімдері бойынша берешектерді өтеуге, қалғаны жеке қажеттіліктеріне жұмсалады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→