«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылғы инвестициялық табыстың қорытындысы бойынша әр баланың есепшотына 130,71 АҚШ доллары аударылған.
«Сүйінші! 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында еліміздегі 6,9 миллионнан астам балаға 130,71 доллар көлемінде қаражат түсті. Бағдарлама талаптарына сай бұл қаражат 18 жасқа дейінгі балаларға есептеледі. Қаражатты kids.enpf.kz сайтынан көруге болады, басқа қосымшаларда әзірге көрсетілмеуі мүмкін. Құтты болсын», – деп жазды депутат.