weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

59 жастағы ер адам жарақат алып тау шыңынан түсе алмай қалған

Алматының Медеу ауданында орналасқан Мынжылқы шыңында жарақат алған альпинист құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

59 жастағы ер адам жарақат алып тау шыңынан түсе алмай қалған
Фото: gov.kz

Оқиға туралы хабар таңертең альпинизм нұсқаушысынан түскен. Оның айтуынша, топ мүшелерінің бірі — 59 жастағы ер адам аяғынан жарақат алып, 3630 метр биіктікте өздігінен қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесінің кезекші экипажы мен Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі жедел жіберілген. Құтқарушылар қысқа уақытта шыңға жетіп, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

ТЖМ мәліметінше, Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі тәулік бойы жұмыс істейді және Шымбұлақ тау-шаңғы курорты маңында кезекшілік етеді. Бұл бөлімше министр Шыңғыс Арынов пен Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→