Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева қызметінен кетті.
Жоғары сот кеңесінің хабарлауынша, шешім 2026 жылғы 22 қаңтарда қабылданған.
Еске салайық, 2025 жылдың қараша айында Әсел Досаева Астанада мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған.
Бұған дейін Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты Әсел Досаеваға 786 400 теңге көлемінде айыппұл салды.