weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Серік Сәпиевті орынбасары — самбошы соққыға жықты

Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал шығып, төбелес болған. Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері растады.

Серік Сәпиевті орынбасары — самбошы соққыға жықты

Оқиға 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде болған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полиция департаментінің мәліметінше:

«Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тексеру барысында спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал болғаны анықталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген ресми хабарламада.

Тергеу жүріп жатқандықтан, полиция қосымша ақпарат таратпай отыр.

Айта кетейік, былтыр тамыз айында Серік Сәпиевтің Қазақстандағы кәсіби бокс туралы алғашқы спорттық драмаға түсіп жатқанын хабарлаған едік. Бұған дейін ол Қазақстанның Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті болып сайланған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→