Сонымен қатар, жәбірленушінің пайдасына 100 мың теңге моральдық өтемақы, 100 мың теңге өкіл шығындары, сондай-ақ мемлекет пайдасына 1 966 теңге мемлекеттік баж өндірілетін болды.
Оқиға 2024 жылы 26 желтоқсанда әкімнің кеңсесінде болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әкім жалғызбасты әйелдің мойнынан қысып ұстап, бірнеше рет ұрып жіберген. Сараптама нәтижеcі жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келгенін көрсетті.
Сот барысында Қазбек Аққайыр жәбірленушімен «қыз бен жігіт ретінде байланыста болғанын» айтып, екеуінің арақатынасына байланысты түсініктеме берді.
Іс бойынша шешім шыққаннан кейін Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов мәлімдеме жасап, Қандыағаш қаласының басшысы қызметінен босатылатынын айтты.
“Сот шешіміне сәйкес біз оны қызметінен босатамыз”, — деді аудан әкімі.