weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда «Москва» СОО маңында күмәнді оқиға болды

Әлеуметтік желілерде алматылық жігіт 21 қаңтар күні «Москва» сауда-ойын-сауық орталығының маңында өзіне және досына қатысты болған түсініксіз жағдай туралы баяндады.

Алматыда «Москва» СОО маңында күмәнді оқиға болды

Оның айтуынша, белгісіз бір ер адам жандарынан өтіп бара жатып, ешбір сәлемдесусіз Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі деген жазуы бар бейджді көрсетіп, тіркеуде (пропискада) тұрған мекенжайлары туралы сұрай бастаған. Алайда өзі кім екенін нақты айтудан жалтарған.

Жазба авторының сөзінше, әлгі адам жастардың «іздеуде жүруі мүмкін» екенін айтып, СВО, Украина тақырыптарын қозғаған әрі өзін әскери комиссариат қызметкері ретінде таныстырған. Жігіттердің бірі кетпек болған сәтте және болған жайтты ұялы телефонға түсіре бастағанда, белгісіз ер адам телефонды тартып алуға әрекет жасаған.

Осыдан кейін автор жақын маңдағы кафеге кіріп, полиция шақырған. Біраз уақыттан соң күмәнді адам «өзім құқық қорғау органдарына хабарласамын» деп кетіп қалған. Нәтижесінде полицияға жасалған шақырту да тоқтатылып, оқиға ешқандай салдарсыз аяқталған.

Автор бұл оқиғаны ескерту мақсатында жариялағанын, ал әлгі адамның расында да мемлекеттік органға қатысы бар деп нақты айтпайтынын атап өтті.

Кейінірек ҚР Қорғаныс министрлігі аталған адамның әскери қызметші емес екенін және ведомствоға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Дереккөз: HALYQSTAN Telegram арнасы

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→