weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Шымкенттегі Нұрайдың өліміне пікір білдірді

Шымкентте студент қыз Нұрайдың қатыгездікпен өлтірілуі қазақстандықтарды есеңгіретті. Еске салайық, жуырда қалада ер адам қызды пышақтап өлтірген. Күдікті көп ұзамай Шымкенттен он шақырым жерде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тоқаев Шымкенттегі Нұрайдың өліміне пікір білдірді

Марқұмның ағасы қылмысқа күдіктіге ең қатаң жаза тағайындауды талап етті. Туыстарының айтуынша, 28 жастағы ер адам Нұрайды ұзақ уақыт бойы аңдып, қыр соңынан қалмай жүрген. Алғашында «күтім» көрсеткенімен, кейін психологиялық қысым жасап, қорқыта бастаған.

Отбасының сөзінше, күдікті қызды әлеуметтік желілер арқылы бақылап, оның құрбыларына хат жазған, сабақ кестесін біліп алып, оқу орнына дейін барған. Нұрай қауіптеніп, жазылған хабарламалардың скриншоттарын жасап, дәлел жинаған.

Марқұмның жақындарының айтуынша, күдікті оған:

«Мені түрмеге отырғыза алмайсың» деп айтқан.

Қоқан-лоқының салдарынан Нұрай үнемі қорқынышпен өмір сүрген. Ақырында ол қаза тапты.

Бұл қайғылы оқиғаға бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үн қатты. Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде Президент аталған жағдайға байланысты ішкі істер органдарының әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырғанын мәлімдеді.

«Нұрайдың қазасы қоғамды қатты алаңдатты. Күдіктінің қызды аңдып, қорқытқаны анықталды. Бұл ақыр соңында адам өліміне әкелді. Мен Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырдым», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Бас прокурорға бұл істі жан-жақты әрі мұқият тексеру жөнінде тапсырма бергенін қоса айтты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→