weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп Токаевты Бейбітшілік кеңесіне шақырды: бұл ұсыныстың астарында не бар?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан Таяу Шығыстағы реттеу мәселелерімен айналысатын Бейбітшілік кеңесіне қатысу туралы шақырту алды. Бұл ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы растады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Трамп Токаевты Бейбітшілік кеңесіне шақырды: бұл ұсыныстың астарында не бар?

Тоқаев жауап хатында Кеңес жұмысына қатысуға мүдделі екенін білдірген.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, бұл шақырту — екі лидер арасында қалыптасқан жеке сенімге негізделген қарым-қатынастың нәтижесі.

«Трамптың өзі Қазақстан президентін G20 саммитіне шақырып, кейін Таяу Шығыс мәселесіне тартуы — өте нәзік дипломатиялық жұмыстың жемісі», — дейді сарапшы.

Әбішевтің айтуынша, Тоқаев Трампқа Қазақстанның негізгі ұстанымын — прагматизм, бейтараптық және нақты іске дайын болу қағидатын артық даңғазаға салмай жеткізе алған.

«Трампқа дәл осындай стиль ұнайды: аз сөз, көп іс», — дейді ол.

Саясаттанушы Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді ұстанымын да атап өтті. Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Тоқаев Палестина президенті Махмуд Аббаспен, ал 2026 жылдың қаңтарындаИзраиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен.

Әбішевтің сөзінше, бұл бастама Ресейге де, Қытайға да қарсы бағытталмаған.

«Бұл — ұзаққа созылған соғысты бақылап аяқтауға бағытталған жоба. Ешкімге міндет жүктемейді, ешбір елмен қатынасты бұзбайды», — деп түйіндеді ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→