weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Манчестер Юнайтедтің» экс-жұлдызы КПЛ-да ойнауы мүмкін: «Ақтөбе» Нанимен келісімге келді

Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін «Ақтөбе» клубы португалиялық әйгілі футболшы Луиш Нанимен келісімге келді. Бұл туралы AmanVibe басылымына сілтемғ жасап newsroom.kz хабарлайды.

«Манчестер Юнайтедтің» экс-жұлдызы КПЛ-да ойнауы мүмкін: «Ақтөбе» Нанимен келісімге келді
Фото: sportbox

Дереккөздерге сүйенсек, тараптар келісімшарттың негізгі шарттарын алдын ала мақұлдаған. 38 жастағы жартылай қорғаушымен бір жылдық келісім жасалуы мүмкін. Егер келісім ресми түрде бекітілсе, Нанидің жалақысы Қазақстан Премьер-Лигасы тарихындағы ең жоғары көрсеткішке айналмақ.

Қазіргі таңда құжаттар соңғы рәсімдеу кезеңінде. Ақпаратқа сәйкес, 22 қаңтарда футболшы Алматыға ұшып келіп, кейін Ақтөбеге аттанады. Сол жерде ол командаға ресми таныстырылып, жаттығу процесіне қосылады деп күтілуде.

Луиш Нани мансабындағы басты жетістіктеріне «Манчестер Юнайтед» сапында қол жеткізді. Ол клубпен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп, Англия чемпионы атағын төрт рет иеленді. Сондай-ақ Португалия құрамасымен 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды. Әр жылдары «Спортинг», «Валенсия», «Фенербахче», «Лацио» клубтарында ойнаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→