weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Vogue таңдауы: Қазақстан әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың қатарына енді

Қазақстан мен Қырғызстан Vogue журналының редакторлары 2025 жылы жеке өзі барып көрген ең үздік 14 туристік бағыттың қатарына енді. Бұл туралы Kazakh Tourism хабарлады. Тізім The 14 Best Places Vogue Editors Visited in 2025 деп аталады, материалдың авторы – Анна Грейс Ли.

Vogue таңдауы: Қазақстан әлемдегі ең үздік 14 туристік бағыттың қатарына енді
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Орталық Азия елдерімен қатар рейтингке Италия, Румыния, Нью-Йорк, Грузия және Дания сияқты танымал бағыттар кірген. Кейбір елдер толық қамтылса, кейбірі нақты бір өңір немесе қала ретінде аталған.

Қазақстан туралы автор былай деп жазады:

«2025 жылдың күзінде бір жылдан астам уақыт бойы Reels таспамнан кетпеген сапарға ақыры баруға бел будым. Отыз сағаттық жол мен екі транзиттен кейін Алматыға қондым».

Ол Алматыдағы кең бульварлар, кеңестік сәулет, таулар мен жайлы кафелерді ерекше атап өтеді. Ал кешкі асын Ayul мейрамханасында ішіп, ұсынылған бешбармақтың порциясын “таңғаларлық” деп сипаттаған.

Алматыдан кейін автор маршруткамен Қырғызстан шекарасына бет алған. Оның айтуынша, бұл сапарда киіз үй лагері мен жұлдызға толы түнгі аспан ерекше әсер қалдырған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→