2010 жылы аты аңызға айналған боксшы Astana Action Film Festival фестиваліне арнайы шақыртумен Қазақстанға келген. Алғашқы күні Тайсон отбасымен бірге кешкі асқа барып, оған қымыз ұсынылған.
Сусынның «ер адамдарға пайдалы» екенін естіген боксшы бір литрге жуық қымызды бірден ішіп қойған. Оны қымызға біртіндеп үйрену керегі ескертілгенімен, нәтиже көп күттірмеген.
Кешкі астан кейін олар 20 көліктен тұратын полиция кортежімен Бурабайға жолға шыққан. Алайда жол үстінде Тайсон өзін жайсыз сезініп, дәретхана сұрауға мәжбүр болады.
«Екі сағаттық жол, айнала — дала, кортеж тоқтауға болмайды деп ойладым. Бірақ 15 минуттан кейін ол қайта хабарласып, енді шыдай алмайтынын айтты. Абырой болғанда, жол бойынан ескі ауыл әжетханасын көріп қалдық. Бүкіл кортежді тоқтатып, сол жерге кіргіздік», — деп жазды продюсер.
Сол сәттен кейін жолдастары әзілдеп: «Мұнда Майк Тайсон болған» деген тақтайша іліп қоюға болады деген.
Айта кетейік, Тайсон Бурабайдан Астанаға тікұшақпен оралған.
Күні кеше қазақ блогері Уилл Смитке шапан жапқанын хабарлағанбыз.