weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп: Ресей мен Қытайдың ықпалын болдырмау үшін АҚШ Гренландияға иелік етуі керек

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Гренландияны тек жалға алу жеткіліксіз, аралға меншік құқығы болуы тиіс. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Трамп: Ресей мен Қытайдың ықпалын болдырмау үшін АҚШ Гренландияға иелік етуі керек

Трамптың мәлімдеуінше, АҚШ Гренландияға «жеңіл немесе күрделі жолмен» иелік етуге дайын.

«Ресей мен Қытайдың Гренландияны бақылауына жол бермеу үшін АҚШ бұл аралға иелік етуі қажет», — деді президент.

Бұған дейін Ақ үй өкілдері Данияға қарасты жартылай автономды аумақ — Гренландияны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, тіпті күш қолдану нұсқасы да жоққа шығарылмайтынын мәлімдеген болатын. Трамп аралдың АҚШ қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Гренландия аумағында 100-ден астам америкалық әскери қызметкер орналасқан. Даниямен жасалған келісімдерге сәйкес, Вашингтон әскери қатысуын арттыра алады. Алайда Трамптың пікірінше, бұл жеткіліксіз.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→